«Барыс» Ресейде «Адмирал» командасына есе жіберді
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау табуға тырысты.
Бірінші кезеңде «Адмирал» сапынан Дмитрий Бучельников 14-минутта есеп ашты.
Ал 21-минутта елордалық командадан Даниил Апальков 21-минутта таразы басын теңестірсе, Джозеф Лабейт 26-минутта «Барысты» алға шығарды.
Ойынның 38-минутында ресейлік клубтан Джованни Фьоре көздеген нысанадан мүлт кетпесе, одан кейін Алексей Соловьёв 46, Леонид Метальников 58-минутта басымдықты арттырды.