logo

«Барыс» ҚХЛ аутсайдерінен ойсырай жеңілді

«Барыс» ҚХЛ аутсайдерінен ойсырай жеңілді

«Барыс» ҚХЛ-дың кезекті туры аясында жарыс аутсайдері «Амурды» қабылдап, ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sport +.

Турнир кестесінде «Барыс» пен «Амур» көрші тұр. Хабаровск командасы соңғы 12-орында болса, астаналықтар 11-сатыға нық жайғасқан. Сондықтан букмекерлер бұл матчта «Барыстың» жеңетінін болжаған еді.

Дегенмен, Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері қарсылас қақпасына бірде-бір шайба соға алмай, өз қақпасына үшеуін жіберіп алды.

Бірініш кезеңде командалар мүлдем гол соға алған жоқ. Есесіне екінші кезеңде «Амур» сапынан Гальченюк екі бірдей гол соқса, ойынның үшінші бөлігінде Ли есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, плей-офф кезеңіне өтуге үмітті болған «Барыс» маңызды ойында ұпай жоғалтып, турнир кестесіндегі жағдайын әлсіретіп алды. Енді 24 қарашада астаналық клуб өз айдынында «Авангардты» қабылдайды.