«Барыс» құрамына төрт жаңа хоккейші қосылды

«Барыс» сынақтан өткен бірнеше ойыншымен екіжақты келісімшарттар жасасты, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаушы Бейбарыс Оразов пен шабуылшылар Кирилл Ляпунов, Владимир Волков және Руслан Оспанов бір маусымға, яғни 2026 жылғы 31 мамырға дейін келісімшартқа қол қойды.