logo

«Барыс» өз алаңында кезекті рет жеңіліс тапты

«Барыс» өз алаңында кезекті рет жеңіліс тапты

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының өз алаңындағы ойында қазандық «Ақ Барспен» кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесудің басталуына дейін қазақстандық клуб Шығыс конференциясының соңғы орындарында болды, ал ресейлік клуб жетінші орында орналасты.

Бірінші кезең қонақтардың еншісінде қалды, қазандықтардың екі шайбасына алаң иелері Дэвид Скленичканың нәтижелі соққысымен жауап берді. Ойынның екінші бөлімінде өзгеріс болмады. Қорытынды жиырма минут ресейліктерге жеңіске жетуге көмектесті - 3:1. «Барыс» қатарынан бесінші матчта есе жіберді.

31 қаңтар күні «Барысы» Астанада мбылық «Авангардты» қабылдайды.