«Барыс» ойыншысы КХЛ-дағы мерейтойлық матчын өткізді
«Барыс» ойыншысы Иван Николишин Құрлықтық хоккей лигасында (КХЛ) өзінің 300-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Мәскеулік «Спартакқа» қарсы мерейтойлық ойында Николишин нәтижелі паспен көзге түсті. Жалпы, 28 жастағы шабуылшы 300 матчта 50 шайба соғып, 75 нәтижелі пас берген.