«Барыс» «Металлургтен» ірі есеппен жеңілді

«Барыс» «Металлургтен» ірі есеппен жеңілді

«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-дағы сырт алаңдағы сериясын Магнитогорскіде жалғастырып, жергілікті «Металлургке» қарсы ойында 0:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.

Алаң иелері кездесудің тағдырын алғашқы кезеңнің басында-ақ шешіп қойды. «Металлург» хоккейшілері үш шайбаны да бірінші кезеңнің алғашқы минуттарында соқты.

Голдардың бірін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис өз еншісіне жазды.

Осылайша, «Барыс» Магнитогорскіден ұпайсыз қайтты.

Михаил Кравец шәкірттері келесі кездесуін 20 қыркүйекте Ярославльдің «Локомотивіне» қарсы өткізеді.



Күн шежіресі