logo

«Барыс» маусым басталар алдында кадрлық шығынға ұшырады

«Барыс» маусым басталар алдында кадрлық шығынға ұшырады

Астаналық клубтың қорғаушысы Тамирлан Гайтамиров Магнитогорскідегі маусымалды турнир барысында жарақат алып, жарақат алғандар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 23 жастағы хоккейші Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының басын өткізіп алады.

«Барыс» маусымды 7 қыркүйекте Челябінскінің «Тракторына» қарсы сырт алаңдағы матчпен бастайды.