logo

«Барыс» командасының капитаны анықталды

«Барыс» командасының капитаны анықталды

«Барыс» 26 тамыз күні Магнитогорскіде өтетін «Ромазан мемориалы» турнирін бастайды, деп хабарлайды Sport+.

Алғашқы матчта астаналықтар бұрынғы Гагарин кубогының иегері «Металлургтің» фарм-клубы саналатын «Магниткаға» қарсы ойнайды.

«Барыстың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда турнирге ең мықты құрамымен бармайды. Жаңа ойыншылардан жаттықтырушылар штабы Эмиль Галимов, Дмитрий Бреус және Майкл Веккьонені тексеріп көреді. Қалған легионерлер Астанада жаттығып, қажетті құжаттарының рәсімделуін күтуде. Бүгінгі кездесуге астаналық команданың капитаны болып Әділ Бекетаев тағайындалды.



Күн шежіресі