«Барыс» елордада «Амур» командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу бүгін, 4 ақпан елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Екі команда бұған дейін 49 мәрте кездескен. Оның 29-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 57 ойыннан кейін 44 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Амур» 58 ойыннан кейін 56 ұпаймен 17-орында келеді.
Елордалық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі үш ойынды да елордада өткізеді. Алдымен 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен қайта кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.