«Барыс» буллитте «Салават Юлаевты» жеңді
Астанада «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Елордалық клуб сапынан Дмитрий Гурков 6-минутта мергендік танытты.
Ойынның 21-минутында «Барыс» сапынан Кирилл Савицкий есепті үстемелей түссе, 39-минутта «Салават Юлаев» хоккейшісі Михаил Науменков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыстың» жолы болды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Ал Николай Кулёмин 48-минутта таразы басын теңестірді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 19 қаңтарда ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізсе, 22 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.