logo

«Барыс» бүгін «Лада» командасымен кездеседі

«Барыс» бүгін «Лада» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу бүгін, 26 қаңтар күні елорда уақытымен сағат 21:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 16 мәрте кездескен. Оның 7-еуі елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жетті. 

Турнир кестесінде «Барыс» 54 ойыннан кейін 44 ұпаймен 19-орында тұр. Ал, «Лада» 56 ойыннан кейін 66 ұпаймен 12-орында келеді. 

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің СКА командасынан ірі есеппен жеңілді.

 

 

 



Күн шежіресі