«Барыс» Асетовпен 2028 жылға дейін келісімшартты ұзартты
Астананың «Барыс» клубы команда капитаны Алихан Асетовпен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Жаңа келісімшарт 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.
Ағымдағы маусымда Асетов 31 матч өткізіп, 11 ұпай (2 гол және 9 нәтижелі пас) жинады. Жалпы, ҚХЛ-да хоккейші 293 матч өткізіп, 49 ұпай (20 гол және 29 ассист) жинаған.
Бұған дейін Асетовтың «Барысты» тастап, ҚХЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын.