«Барыс» аншлаг жинап, овертаймда «Авангардқа» есе жіберді
«Барыс» клубының 25 жылдығына орай Астанада өткен «Авангардқа» қарсы матчта аншлаг тіркелді, деп хабарлайды Sport+.
Ойын алдында қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп, матчқа 11 626 жанкүйер жиналды.
Матч барысында «Барыс» Иван Николишин мен Әділ Бекетаевтың голдарының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Алайда, үшінші кезеңде «Авангард» есепті теңестіріп, овертаймда жеңіске жетті.
Бұл нәтижеден кейін «Барыс» 21 ұпай жинап, плей-офф аймағынан 5 ұпайға артта қалып отыр. Шығыс конференциясындағы сегізінші орынды дәл осы «Авангард» иеленуде.