«Барыс» америкалық шабуылшыны сапына қосты
«Барыс» хоккей клубы Коннор Джеффри (Си Джей) Смитпен келісім шартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Sport Plus Qazaqstan.
Америкалық шабуылшымен біржақты келісім бір жылға жасалды, мерзімі 31 мамыр 2025 жылға дейін.
Форвард мансабын Солтүстік Америкада өткізген. Оның статистикасында ҰХЛ аясында 15 матч және АХЛде 265 ойын (89+117 балл).
2022 жылы Смит «Чикаго Вулвз» сапында Колдер Кубогын иеленіп, маусым қорытындысы бойынша команданың үшінші бомбардирі атанған.
Өткен маусымда Коннор Джеффри Финляндия чемпионатында «Юп» командасында ойнаған. 33 матчта ол 20 (8+12) ұпай еншілеген.