Бақытжанұлы мен Гришиннің реваншы Санкт-Петербургте өтеді
Лига АСА 12 сәуір күні Санкт-Петербургте өтетін турнирде Асылжан Бақытжанұлы мен UFC-дің бұрынғы жауынгері Максим Гришин арасындағы жекпе-жек болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Бұл айқас спортшылар үшін реванш болмақ. Олардың алғашқы кездесуі RCC лигасында өтіп, төрешілердің шешімімен Гришиннің жеңісімен аяқталған. Алайда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген Асылжан бұл шешіммен келіспей, апелляция берген. Нәтижесінде шешім қайта қаралып, жекпе-жек өтпеді деп танылды.
Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.