Бақтиер Зайнутдинов: Футболды қатты сағындым
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Норвегиямен өткен тең ойынның (0:0) қорытындысын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Әрине, ауыр матч болды. Норвегия – өте мықты команда, құрамында Эдегор, Холанд сияқты жоғары деңгейдегі ойыншылар бар. Соңында Рамазан Каримов гол соққанда, жеңіске жету мүмкіндігі болар еді, бірақ тең ойын да жаман нәтиже емес деп ойлаймын. Маңыздысы – жақсы бастау. Қалай бастасаң, солай жалғасады, дейді ғой. Атмосфера керемет болды. Жеке өзім футболды қатты сағындым — 3-4 ай ойнамадым, күткен едім, алаңға шығуды қатты күттім. Атмосфера өте керемет болды. Біз жігіттермен бұл туралы әңгімелестік. Орын аз болды, солай ма? Орын 50 мың болса, 50 мың адам келіп, бізді қолдар еді деп ойлаймын. Сондықтан жанкүйерлерге үлкен рахмет айтқым келеді. Біз әрқашан сіздер үшін ойнаймыз».
9 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасындағы екінші матчында Словенияға қарсы ойнайды.