logo

Бағдос Олжабай АСА лигасындағы екінші жекпе-жегіне дайындалуда

Бағдос Олжабай АСА лигасындағы екінші жекпе-жегіне дайындалуда

Қазақстандық жеңіл салмақтағы спортшы, Alash Pride лигасының гран-при жеңімпазы Бағдос Олжабай (16-4) АСА лигасындағы екінші жекпе-жегін алады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшының қарсыласы ресейлік Рустам Керимов (20-1) болады.

Бағдос үш жеңісті серияда келе жатыр, ол соңғы жеңісіне АСА лигасында Луис Лаурентиномен кездесуде шешім бойынша жеткен.

Рустам да мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін үш жеңіске жетіп, сериясын жалғастыруда.

Бұл жекпе-жек АСА 181 турнирінде 2 қараша Санкт-Петербургте өтеді.



Күн шежіресі