Бағдат Жұбаныштың Қазбекке үндеуі: Әніңді айтып болғаннан кейін төбелесуге дайын бол
ММА бойынша үш дүркін әлем чемпионы Бағдат Жұбаныш NAIZA 57-де жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жұбаныштың қарсыласы британдық Джон Шинк болды. Жеңіске төрешілердің шешімімен Бағдат жетті.
- Мен әрдайым жекпе-жектерді толық өткізуге дайындаламын. Еңбектің арқасында келеді бәрі. ММА-да бәрі бір соққының арқасында шешілу мүмкін. Шинктің қатал және жақсы спортшы екенін білдім. Ақтөбеде грэпплинг жақсы дамып жатыр, сондықтан да күресуге дайын болдым. Шинктің соққысы өте жақсы, сол себепті сақтық болды. Қазбекке келетін болсақ, ақпан айында біз екеуміз жұдырықтасуымыз керек едік, бірақ ол бас тартты. Оған айтарым: әніңді айтып болғаннан кейін дайын бол. Алла қаласа мен маусым айында дайын боламын. Кеше айтқанмын, егер жеңіске жетсем, Қазбек маған бір ән арнасын деп. Соны күтемін, - деді Жұбаныш жекпе-жектен кейін.