Бағдат Жұбаныш: ONE FC лигасынан ұсынысын қабылдамауыма бірнеше себеп болды

ММА жауынгері, NAIZA лигасының чемпионы Бағдат Жұбаныш Sport+ телеарнасының қонағы болып, шетелдік ұйымдардан түскен ұсыныстар туралы ашық айтты.
«ONE FC лигасынан ұсыныс түсті. Қыркүйек айының басында рекорды 19-4 жапондық спортшымен жекпе-жекке шығу ұсынылды. Бірақ мен бабымда емеспін. Бұдан бөлек, Астанаға бокс залында жаттығу үшін билет алып қойған едім. Бұл ұсыныс туралы тек екі апта бұрын ғана білдім. Сыйақысы да аз болды. Ал қарсылас болса, әлдеқашан дайындалып жатқан сияқты. Мүмкін оның қарсыласы жарақат алып, маған шұғыл түрде ұсыныс түскен болар», – деді Жұбаныш.
Жауынгер алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ол қазір бабын келтіріп, келесі маңызды жекпе-жектерге тыңғылықты дайындалуды көздеп отыр.
Бағдат Жұбаныштың толық сұхбатын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз.