Бағдат Жұбаныш чемпиондық белдікке жекпе жек өткізеді
Naiza лигасының чемпионы Қазыбек Сағын мен үміткер Бағдат Жұбаныш арасындағы жекпе жек өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Осы жазда Бағдат Жұбаныш ең жеңіл салмақтағы Naiza белдігі үшін төбелеседі. Қазыбек Сағын 53 келіден енді түспейді, осы мәселе туындап тұр», — деді лига президенті Нұрбек Қарабала.
Жеңіл салмақтағы чемпион Қазыбек Сағын белдікті босатып, ең жеңіл салмаққа ауысатыны белгілі болды. Қазыбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы титулдық жекпе жек 2023 жылдың маусым айында Naiza 52 турнирінде өткен еді. Төрешілер шешімі жанкүйерлер арасында дау туғызып, лига 2024 жылы реванш ұйымдастыруды жоспарлаған.