Азия ойындары-2026: каратэден Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Азия ойындары-2026: каратэден Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Қазақстан каратэ федерациясы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бапкерлер штабының бекіткен тізіміне алты спортшы кірді.

Ерлер:

55 келіге дейін: Жоламан Биғабыл

67 келіге дейін: Олжас Алтынбек

75 келіге дейін: Нұрқанат Әжіқанов

Әйелдер: 

55 келіге дейін: Бэлла Самашева 

61 келіге дейін: Әсел Қанай

68 келіден жоғары: Софья Берульцева

Айта кетейік, жазғы Азия ойындарында каратэ бәсекелері 20-23 қыркүйек аралығында өтеді.
 



Күн шежіресі