Азамат Бақытов әлемнің үздік лигасы туралы: UFC жауынгерлерге проект ретінде қарайды

Аралас жекпе-жек жауынгері, Nomad Wrestling ұйымының екі дүркін чемпионы Азамат Бақытов Sport+ телеарнасының құрметті қонағы атанып, TUF реалити-шоуына қатысуға ниетті болғаны туралы айтты.
«Мен TUF реалити-шоуына ұсыныс жасадым. Бірінші кезеңнен өттім, бірақ видео-байланыс арқылы өткен сұхбат кезінде өте алмадым. Ағылшын тілім жетіспеді. Негізі, UFC жекпе-жектерге бизнес ретінде қарайды. Олар жауынгерлерге жоба сияқты қарайды. Егер сен оларға қаржылық жағынан тиімді болмасаң, олар сені қатарға қоспауы мүмкін. UFC-ден тыс жүрген мықты жауынгерлер әлемде өте көп», — деді Азамат Бақытов.
Толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.