«Атыраудың» бұрынғы ойыншысы «Арсеналға» ауысуға жақын

19 жастағы тәжікстандық қорғаушы Фатхулло Олимзода Дзержинскінің «Арсенал» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+ «Прессболға» сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, «қызыл-ақтардың» бас бапкері Олег Кубарев жас қорғаушыны өз құрамына қосуға мүдделі. Ол Олимзоданы Тәжікстан жастар құрамасынан жақсы таниды. Бұған дейін футболшыға «Ислочь» клубының да қызығушылық танытқаны хабарланған.
Олимзода өткен маусымда «Атырау» сапында 20 матчқа қатысқан.