«Атырау» футбол клубында жаңа бас бапкернің есімі аталды

Қазақстандық маман Қуаныш Қабдолов «Атырау» клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
37 жастағы жергілікті маман 2009–2012 жылдар аралығында «Атырау» жастар құрамасының бас жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеген.
2013 жылы Қуаныш Қенжәлиевич «Атырау» футбол орталығының басшысы қызметіне тағайындалып, оның басшылығымен 1999 жылы туған жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.
2014–2020 жылдары аралығында ол «Атырау» негізгі командасының бапкерлер құрамында жұмыс істеп, бас жаттықтырушының көмекшісі және бас жаттықтырушы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде «мұнайшылар» Қазақстан кубогының финалына екі рет шықты (2017 және 2019 жж.).
Кейін ол 2021–2022 жылдары «Тұран» клубында бас жаттықтырушыға көмек көрсетіп, кейіннен команданы өзі басқарды. Өткен маусымда Қуаныш Қабдулов «Каспий» клубының бас жаттықтырушысы ретінде Бірінші лигада қола медаль иеленді. Биыл ол QJL «Атырау» командаларының үйлестірушісі болып қызмет атқарды.