logo

Асылжан Бақытжанұлы АСА 202 турнирінде Гришинді жеңді (видео)

Асылжан Бақытжанұлы АСА 202 турнирінде Гришинді жеңді (видео)

Қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы UFC ұйымының бұрынғы файтері Максим Гришинмен өткен реваншта төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бұл спортшылардың алғашқы жекпе-жегі RCC лигасы аясында өткен болатын. Сол кезде Асылжан Гришинді екі рет нокдаунға түсіргенімен, төрешілер жеңісті ресейлік спортшыға берген еді.

Қазақстандық спортшының командасы апелляция бергеннен кейін, ММА одағы шешімді қайта қарап, бұл жекпе-жекті өтпеген деп таныды.

Ал енді Бақытжанұлы Санкт-Петербург қаласында өткен АСА 202 турнирінде Гришинмен болған текетіресте жеңімпаз мәселесіне нүкте қойды.



Күн шежіресі