Ермахан Орынтаев америкалық лигада екінші жекпе-жегін білді
Қазақстандық файтер Ермахан Орынтаев (5-1) америкалық LFA лигасында екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы америкалық жауынгер Оскар Санчес (4-2) болады.
Екі спортшы да лигада әзірге 0-1 көрсеткішімен өнер көрсетіп жүр.
Турнир 17 сәуір күні Миннесота штатында өтеді.