Асудың Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты

Өзбекстан өкілі Рамазан Темиров медициналық көрсеткіштерге байланысты қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевпен жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+ «Вестник ММА» басылымына сілтеме жасап.
Темировтің орнына Хосе Очоа (UFC-дегі көрсеткіші — 1 жеңіс, 1 жеңіліс) шығады. Жекпе-жек 26 шілдеге жоспарланған.