logo

Асу Алмабаев: Үздіктер қатарына енбесем, көбірек еңбектенуім керек деген сөз

Асу Алмабаев: Үздіктер қатарына енбесем, көбірек еңбектенуім керек деген сөз

Асу Алмабаев UFCдегі үшінші жеңісінен соң топ-15ке ене алмағаны жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Караван» газетіне сілтеме жасай отырып:

 «Бұл мен үшін тек мотивация. Таңертең ояндым, топ-10 да, топ-15 те емеспін. Бұл бұдан да көп жаттығуға ынталандырады. Жекпе жектен кейін Алматыға келе салысымен таңертең жаттығу жасадым.  Тезірек октагонға оралып, өз күшімді көрсеткім келеді.  Ең бастысы мен UFCдемін, мен туралы айтылады, қарсыластар ойланады. Мен жекпе жекке шақырған барлық қарсылас үнсіз, демек қорқады. Бұл алға басып, еңбектене беру керек деген сөз. Сөйлеу бөлек, әрекет ету басқа. Сондықтан, жетістіктер ауылы алыс емес”.


Күн шежіресі