logo

Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек Асу үшін UFC-дегі үшіншісі болды.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.



Күн шежіресі