Астанадағы жаңа стадион құрылысы басталуға жақын
Астананың сол жағалауында Қажымұқан стадионын салу 15 млрд теңге шығынға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+
Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік сатып алу сайтында жоспар бойынша Т15 228 082 539,89 сомасы көрсетілген. Қыркүйек айында осы құрылыс бойынша жұмыс бастау оң шешімін тапқан еді.
Өтініш қабылдау 22 қазанда басталып, 6 қарашада аяқталған. Тендер жеңімпазы - BiGlobal ЖШС. Құрылыс аймағы 15 мың шаршы метрден артады. Барлығы 3 600 адам сыйымдылығы бар 3 қабат болады деп күтілуде. Жоба 16 айда аяқталады.