logo

«Астана» төрт футболшымен қош айтысты

«Астана» төрт футболшымен қош айтысты

Жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Степан Лончар, қорғаушы Жарко Томашевич және шабуылшы Дембо Дарбо «Астанадан» ресми түрде кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Степан 18 кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Дембо 42 матчта 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Екі ойыншыны «Астана» «Ференцварош» пен «Әл-Насрдан» жалға алған болатын.

Аслан клубта 2021 жылдан бері доп теуіп, осы уақыт ішінде КПЛ чемпионы атанды. Жалпы ол команда сапында 50 ойын өткізіп, үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Томашевич 2019 жылдан бері «Астанада» болды. Елордалықтармен бірге чемпион атанды. Ол негізгі құрамда барлығы 78 матч өткізіп, жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді.



Күн шежіресі