logo

«Астананың» шабуылшысы Дарбо «Әль-Насрға» қайта оралды

«Астананың» шабуылшысы Дарбо «Әль-Насрға» қайта оралды

2023 жылғы маусымда елордалық «Астанада» жалда болған шабуылшы Дембо Дарбо «Әль-Насрға» қайта оралды.

Гамбия құрамасының футболшысының «Астанамен» бір маусымға созылған келісімшарты аяқталды.

Қазақстандық клуб сапында Дарбо Қазақстан чемпионатының медальдарын иеленді, сондай-ақ УЕФА Конференциялар лигасының тобына жолдама алды. Барлық турнирлерде африкандық 11 гол соқты.