«Астана» құрамын ағылшындық «Брайтонның» түлегімен толықтырды
«Астана» футбол клубы Литва құрамасының қорғаушысы Кипрас Кажуколовасқа қатарына қосқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі жариялады.
Кипрас ағылшын «Брайтон» жастар командасының құрамында өнер көрсетті. Ойыншының соңғы клубы литвалық «Жальгирис» болды. Владимир Чебурин жаттықтыратын клубпен бірге ол екі мәрте чемпионаттың алтын медалін жеңіп алып, сонымен қатар Литва Кубогының иегері атанды.
Кипрас Кажуколовас – 23-жасар орталық қорғаушы, оның бойы – 191 см. Литва ұлтттық құрамасының сапында 6 ойын өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram