logo

«Астана» бас бапкері Глеб Плотниковтың басты ерекшелігі аталды

«Астана» бас бапкері Глеб Плотниковтың басты ерекшелігі аталды

«Астана» баскетбол клубының көшбасшы ойыншыларының бірі Асқар Майдекен 33-жасар команда бас бапкері Глеб Плотниковтың басты ерекшелігін атап өтті.

«Плотниковтың мықтылығы — жаттығу мен ойын процесіне деген көзқарасында. Ол әрбір матчтың алдында өте көп материал ұсынады, әрбір ұсақ-түйекке, әрбір мүмкіндікке назар аударады. Ол — нағыз кәсіби маман, жаттығу процесін жоғары деңгейде ұйымдастырады, жастарға да, тәжірибелі ойыншыларға да үлкен көмек көрсетеді. Оның жасы? Иә, ол біз үшін күтпеген тағайындау болды, бірақ өте қысқа уақыттың ішінде ол — бас бапкер екенін және оның пікірімен санасу керек екенін дәлелдеді», — деді Майдекин. 

Айта кетейік, Плотников биылғы маусымда ВТБ Біріккен лигасындағы ең жас бас бапкер болды.

Асқар Майдекенмен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар. 



Күн шежіресі