АСА Резниковтың келесі қарсыласын атады

АСА вице-президенті Асланбек Бадаев қазақстандық Артем Резниковтың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
«Артем Резников соңғы жеті жылда мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізіп келеді. Бұл оны моральдық және физикалық тұрғыдан қажытты, сондықтан болашағын ойлану қажет. Оның соңғы төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіліс тапқаны да маңызды фактор. Ол карьерасын қай салмақта жалғастыратынын анықтауы керек — жеңіл немесе жартылай орта салмақта.
Жеңіл салмақта оған салмақ түсіруге уақыт қажет. Ал жартылай орта салмақта ол өзіне қарағанда ірі қарсыластармен кездесуі мүмкін. Егер қарсыласы ірі болса, қиын болады. Мен Артем Резниковтың Висхан Магомадовпен 77 келіде жекпе-жек өткізгенін көргім келеді. Бұл өте қызықты айқас болар еді. Бұл кездесу туралы бұған дейін де айтылған, талқыланған. Меніңше, керемет жекпе-жек болар еді», — деді Бадаев.
Өткен демалыс күндері АСА 183 турнирінде қазақстандық Артем Резников Юсуф Раисовпен айқасып, жеңіліс тапты.