АСА Қазақстанда турнир өткізуі мүмкін

АСА вице-президенті Асланбек Бадаев Краснодарда өткен АСА 183 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында 2025 жылы 15 турнир өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
Жоспарланған ивенттер Сербияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Орталық Азияның бір елінде өтпек. Ұйымдастырушылар Қазақстан немесе Тәжікстанда турнир өткізу мүмкіндігін қарастыруда.