19 желтоқсанда Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен блогерлер арасында BAQ OPEN 2026 қысқы теннис турнирі өтеді. Жарысты Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастырады.

Турнир Beeline Arena теннис орталығының хард төсенішті корттарында өтеді. Жарыс тенниске қызығушылық танытатын медиа саласының өкілдерін біріктіреді.

Жарыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар топтарға бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнайды. Оның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне өткен теннисшілер анықталады. Шешуші кезеңде матчтар «Мастерс» және «Фьючерс» санаттары бойынша өтіп, жүлделі орындар сарапқа салынады. Әйелдер арасында жарыс тек «Мастерс» санатында өтеді.

Әр матч алты геймге дейін ойналатын бір сеттен тұрады. Геймдегі есеп тең болған жағдайда шешуші ұпай ойнатылады. Ал есеп 6:6 болғанда, кемінде екі ұпай айырмашылығымен жеті ұпайға дейін тай-брейк өткізіледі.

Турнирге Қазақстаннан және басқа елдерден журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен блогерлер қатыса алады. Негізгі талап – қатысушылардың медиа саласында кәсіби қызмет атқаруы.

Жарыс ережесіне сәйкес, бұған дейін ATP, WTA, ITF Juniors, ITF World Tennis Tour, Tennis Europe, ATF және ҚТТ аясындағы турнирлерге қатысқан теннисшілер, сондай-ақ KAZPIN және KAZPIN Coach біліктілігі бар ойыншылар жарысқа жіберілмейді.

Қатысушыларды тіркеу App Store және Google Play платформаларында қолжетімді Match Ball мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.