Артём Лихотников: Данияға жақсы көңіл-күймен, тамаша физикалық қалыпта аттануымыз керек

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артём Лихотников Sport+ тілшісіне берген сұхбатта Qazaqstan Hockey Open турниріндегі алғашқы ойын туралы пікірін білдірді.
– Артём, жуырда клубтық маусым аяқталды. Халықаралық деңгейге бейімделіп үлгердің бе?
– Мен үшін клубтық маусым ерте аяқталды – 3 сәуірде. Барлық тапсырмаларыды аяқтап, үйге оралдық, енді қайта жаттығуға кірістік. Алғашқы кезеңді бастадық, негізінен қалпына келу жұмыстарына көңіл бөлудеміз. Жаттығулар өте қарқынды өтті, жақсы микроциклдер болды, көп нәрсе жаңаша, белсенді хоккей ойнауға тырысып жатырмыз. Жаттықтырушылар штабы «аяқпен де, менталды түрде де» дайын болуды талап етті.
– Мұндай құраммен алғашқы ойын жайлы не айтасың?
– Әрине, мұндай нәтиже өз үйімізде жанкүйерлерімізге қуаныш сыйламайды. Қазір бапкерлер талдау жасап, ойынды егжей-тегжейлі талқылайды. Қарсыласқа белсендірек ойын ұсыну жағы сәл қиындау болды, оларды қателесуге мәжбүрлеу керек еді. Кейбір қарсы шабуылдар сәтті шықты. Уақыт өте келе серіктестермен түсіністік орнатып, ойынымыз сенімдірек болатынына сенемін. Көпшілігінде бір ай үзіліс болғанын ұмытпау керек.
– Бүгін бірнеше көпшілікте ойнау мүмкіндігі болды. Неге артық құрамда гол соғу мүмкін болмады?
– Қазір бізде жаңа арнайы жүктемелер жасалып жатыр. Жаттықтырушылар түрлі құрамдарды сынап көруде. Осындай жолдастық ойындар дәл соған арналған – әлем чемпионатында нәтиже көрсету үшін дайын болуымыз керек.
– Осы маусымда сен құрама сапында бірнеше турнир өткіздің. Қандай әсер қалдырды? Басқа жарыстардан айырмашылығы бар ма?
– Иә, жеке өзім үшін бұл – маусымдағы бесінші халықаралық турнир. Бірақ құрам қатты өзгерді. Көптеген мәселелер орын алды: біреуі жарақат алды, біреуі қатардан шығып қалды. Сондықтан қазір ең маңыздысы – бір-бірімізді түсініп, ойын ырғағына ену және Данияға жақсы көңіл-күймен, тамаша физикалық қалыпта аттану.
– Әлем чемпионаты қарсаңында құрама екі негізгі қақпашысыз қалды. Басқа жігіттердің өздерін көрсететін уақыт келді ме?
– Шутов пен Бояркин де осындай жағдайларды бастан өткерді, бірақ олар сол турнирлерде керемет ойын көрсете алды. Иә, осындай жағдай болды, енді оларға тез сауығып, қатарға оралуын тілеймін. Бұл – расымен де басқа жігіттер үшін өздерін көрсетуетін сәт. Ал біз, шабуылшы мен қорғаушылар, өз жұмысымызды жалғастырып, шайбаны өзімізге бағыттап, қарсыластардың соғуына мүмкіндік бермеуіміз керек.
– Алда Беларусьпен ойын. Бұл қарсыластан не күтесің?
– Өте мықты команда, мұндай турнирлерде олар әрқашан дерлік үздік құраммен қатысады. Барлық ойыншылары жоғары деңгейде ойнайды. Қазір бапкерлер өз жоспарларын көрсетіп, бұл матчта бізден қандай ойын күтетінін түсіндіреді. Әрине, мақсатымыз – әр ойында жеңіске жету. Мұзға шыққан сәттен бастап бар күшімізді салу керек.