Артем Антропов: Мүмкін, биылғы жылды салмақ қосуға арнайтын шығармын, Олимпиадаға іріктеу 2026 жылы басталады

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Артем Антропов Sport+ арнасына берген сұхбатында алдағы бір жылға және Олимпиада цикліне қатысты жоспарларымен бөлісті.
«Алдымызда Ислам ойындары мен жылдың соңында Норвегияда өтетін Әлем чемпионаты бар. Мұның бәрі бапкерлік штаб пен менің дайындығыма байланысты болады. Салмақ қосу оңай емес. Бұрын 109 келі салмақ дәрежесі болса, қазір 110 болды. 109 келіде болғандарға қосымша 1 келі қосу жеңілірек — тамақтанып та көтере алады. Ал бізге үлкен жұмыс қажет. Олимпиадалық іріктеу келесі жылы басталады, сондықтан биылғы жылды өзіме салмақ қосуға және нәтижені жақсартуға арнайтын шығармын. Келер жылы жаңа күшпен жаңа салмақ дәрежесінде сынға түсуге тырысамын. Бірақ бұл — менің жеке көзқарасым, бәрі бәрібір бапкерлік құрамның шешіміне байланысты».
Артем Антроповтың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.