Арман Оспанов UFC лигасына өте алмау себептері туралы: Сол кездері Хибиб Нурмагомедов командасының монополиясы пайда болды

Атақты ММА жауынгері Арман «Сұңқар» Оспанов Sport+ телеарнасының «Спорт сыры» бағдарламасына қонағы атанып, АҚШ лигаларында, соның ішінде UFC-де неге бағы жанбағаны туралы айтты.
— Кезінде Хабиб Нурмагомедовты Әли Абдель-Азиз деген UFC менеджерімен таныстырып, оған Конор МакГрегормен жекпе-жек ұйымдастырды. Ол Конорды жеңгеннен кейін танымалдылығы бір уақытта өсіп кетті. Сол кездері UFC-де Хибиб командасының монополиясы пайда болды деген әңгімелер шықты. Мен сол Әли Абдель-Азиздің үйінде бір ай жаттым, одан Дана Уайт немесе Шон Шелбимен сөйлесіп, UFC-де жекпе-жек ұйымдастыруды сұрадым. Абдель-Азиз маған тек PFL лигасында жекпе-жек жасап берген еді. Кейін короновирус болды, карантин енгізді, сол себепті менің мансабым сына бастады. Өйткені дайындық бұзылды, залда жаттығатын адам аз болды, жекпе-жектерге тек қонақ үйлерде дайындалуға мүмкіндік бар еді. Бірақ, бұл менің тағдырым деп ақталғым келмейді. Дәл осы жағдайға Дамир Исмағұлов та түсіп қалған сияқты. Қазір де Шавкаттың менеджерлеріне оның UFC-дегі мансабын мұқият жүргізу керек, — деді Арман Оспанов.
Арман Оспановпен толық сұхбатты біздің YouTube-арнамыздан көре аласыздар.