logo

Арман Оспанов Астанада өтетін Alash Pride турнирінде октагонға қайтып оралады

Арман Оспанов Астанада өтетін Alash Pride турнирінде октагонға қайтып оралады

«Alash Pride» лигасы Арман «Сұңқар» Оспановтың Астанада өтетін турнирде октагонға оралатынын хабарлады, деп жазады Sport+.

Қазіргі таңда Арманның қарсыласы белгісіз, сондай-ақ жекпе-жек ММА ережелері бойынша ма, әлде грепплинг бойынша өте ме — бұл да нақтыланбаған.

Оспанов соңғы жекпе-жегін 2022 жылы АҚШ-та өткен Eagle FC турнирінде өткізген.

Sport+ телеарнасы 27 мамыр күні Астанада өтетін турнирді тікелей эфирде көрсетеді.