Арман Әшімовтың келесі қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық аралас жекпе жек шебері Арман Әшімов октагонға 23 наурыз күні шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Исатай Мадидің телеграм-арнасына сүйеніп.
Дереккөзге сай Арман Әшімов Rizin 46 турнирінде ең жеңіл салмақта жапон Юсако Накамуромен кездеседі. Басты жекпе жекте қос жапон Наоки Иноуэ мен Шоко Сато жұдырықтасады.
Арман Әшімов кәсіби мәнсабын 2014 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін 16 жекпе жек өткізген. Оның ішінде 12 кездесуде жеңіске жеткен. MG, NFC, AP промоушндерінің турнирлеріне қатысқан. Чристиан Гарциа Цолладо, Олег Удод, Эскендир Кадир сынды қарсыластармен кездескен Арман осы жолы 37-жасар Юсаку Накамурамен күш байқасады. Оның рекорды – 14-6-1
Ризин (Rizin FF) жекпе жек федерациясының негізін 2015 жылы Pride Fighting Championships және Dream Stage Entertainment бұрынғы президенті Нобуюки Сакакибара қалаған.