«Арлан» Құрлықтық Кубоктағы жарыс жолын бастайды
Қазіргі Қазақстан чемпионы «Арлан» командасы Құрлықтық Кубоктағы жарыс жолын үшінші раундтан бастайды, деп хабарлайды Sport+
Қазақстандық клуб түскен Е тобының матчтары 15-17 қараша күндері Словакияда өтеді.
Жарыс қожайындары «Жилинамен» қоса көкшетаулық клуб британдық «Кардифф Девилз» және С тобында жеңіске жеткен итальяндық «Риттенмен күш байқасады.
Осы төрттіктең үздік шыққан қос команда ақтық сайысқа жолдама алады. Кубоктың қазіргі иегері Қазақстанның «Номад» клубы.