logo

Әрбір сәтсіз матчтан кейін мені қолдады: африкалық футболшы қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты

Әрбір сәтсіз матчтан кейін мені қолдады: африкалық футболшы қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты

Былтыр желіде оның Ләззат Райымбекова есімді арумен түскен фотосы тараған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Гвинеялық шабуылшы Адама Диалло екі жыл Қазақстанда ойнаған. Алдымен Қызылорданың «Қайсар» клубында, сосын Түркістанның «Тұран» клубында доп тепті.

«Ол туралы толыққанды айтқым келмейді. Алайда, өте жақсы қыз. Қазақстандағы қиын кезеңде көмегін аямады. Екеуіміз екі жыл жүрдік. Әрбір сәтсіз матчтан кейін мені қолдады», — дейді африкалық футболшы Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында

Футболшы бірінші лигада 2 жылда 63 матчта жалпы саны 44 гол салған. Түркістанның «Тұран» клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалғанын, бірақ олар «лақтырып» кеткенін айтқан. Қазір футболшы отанында жүр.



Күн шежіресі