Ақтөбеде екінші тур басталады: Үстел теннисінен Суперлига ойындарының тікелей эфирі
28-31 мамыр аралығында Ақтөбеде ерлер командалары арасында үстел теннисінен Еуразия лигасының II туры өтеді.
Қазіргі таңда лигадағы көшбасшылар:
1-орын — УГМК (Свердлов облысы).
2-орын — «Nomad Pro» (Астана).
3-орын — TTF «Shymkent» (Шымкент).
Алғашқы ойын күні көшбасшылар арасындағы екі халықаралық кездесудің тікелей трансляциясын көруге болады.
Ал сағат 16:30–да өзбекстандық команда турнир кестесінде екінші орында тұрған «Nomad Pro» (Астана) клубымен кездеседі.