Антидопинг орталығы Чиншанлоның қайтадан жарыстан шеттетілуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бакашева Sport+ телеарнасындағы «Секреты спорта» бағдарламасына берген сұхбатында қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанлоның спорттан қайта шеттетілуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Өкінішке қарай, бұл біз үшін допингке қатысты екінші үлкен дау болды, себебі бұл жолы әңгіме ластанған спорттық тамақтану жайында болды. Толығырақ айтсақ, алғашқы жағдайда да дәл сондай — ластанған өнімді қолдану туралы сөз болған. Бірақ уақыт өтіп кеткендіктен, нақты сараптама жасау мүмкін болмады. Көпшілікті „Ол Олимпиададағы қоласын қайтарып ала ма?“ деген сұрақ мазалады — жоқ, өйткені бұл бақылау біз тарапымыздан кезекті әлем чемпионатына дайындық аясында жүргізілген. Өкінішке қарай, олар бес жыл бойы қолданып келген спорттық тамақтану ластанған болып шықты. Бұл өнімнің бүкіл партиясы ластанған еді, нәтижесінде Қазақстан бойынша 40 шақты ауыр атлет дисквалификацияланды. Бұл тек қазақстандық спортшылар ғана емес, ТМД елдерінен де көптеген атлеттер дәл осы өндірушінің өнімі кесірінен жазаға тартылды. Біз бұл істі WADA және Халықаралық ауыр атлетика федерациясымен бірлесіп тергедік, өнімдердің барлық дерлік үлгісінен бірдей тыйым салынған зат табылды, бұл спортшыларға дисквалификация мерзімін 16 айға қысқартуға мүмкіндік берді. Алайда Зүлфияның жағдайы сәл ертерек болды, ол топтағы кейбір спортшылармен бірге тергеуден бас тартты, кейін Қытайға кетіп қалды».
Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.