logo

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Анна Данилина Будапешт турнирінің ширек финалында ойнайды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Анна Данилина Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева бастапқы кездесуін чехиялық Анастасия Децюк — нидерландылық Бибиана Схоофспен сәтті өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті — 6:2, 6:1.

Бір сағатқа созылған кездесуде екеуі 8 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Децюк — Схоофс 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

А.Данилина — И.Хромачеваның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. 

Тағы бір қазақстандық, жұптық сында рейтингіде 140-орында тұрған Жібек Құламбаева қытайлық Шуо Фэнмен бірге Палермо (Италия) WTA 250 додасының алғашқы айналымында сүрініп, ширек финалға өте алмады.

Олар швейцариялық Конни Перрен — америкалық Куинн Глисонға жол берді — 1:6, 6:7 (1:7). Бұл бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.