logo

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.