logo

Америкалық клубтың шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

Америкалық клубтың шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды

«Спокан Чифс» командасының 18 жастағы шабуылшысы Асанәлі Сәркенов Канадада өтетін әлем чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Sport+.

Ағымдағы маусымда Сәркенов Батыс хоккей лигасының (WHL) тұрақты чемпионатында 15 матч өткізіп, 9 (2+7) ұпай жинады.

Жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионаты Канада астанасы Оттавада 2024 жылдың 26 желтоқсанынан 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобына түсіп, Швеция, Чехия, Словакия және Швейцария командаларымен бақ сынайды.