logo

Алты қазақстандық финал жолында. Ливерпульдегі Әлем чемпионатының жартылай финалдарының тікелей эфирі

Алты қазақстандық финал жолында. Ливерпульдегі Әлем чемпионатының жартылай финалдарының тікелей эфирі

13 қыркүйекте Қазақстанның тағы алты өкілі жартылай финалда жұдырықтасады — үшеуі күндізгі, үшеуі кешкі сессияда өнер көрсетеді.

Күндізгі сессияда Назым Қызайбай, Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан рингке шығады. Кешкі сессияда Наталья Богданова, Алуа Балқыбекова және Торехан Сабырхан жекпе-жек өткізеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның екі боксшысы финалға жолдама алды — Айбек Оралбай мен Аида Әбікенова.

Кесте:

Күндізгі сессия:

Әйелдер, 48 келі, сағат 16:00 — Назым Қызайбай (Қазақстан) vs Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
Ерлер, 50 келі, сағат 17:30 — Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) vs Алехандро Кларо Физ (Куба)
Ерлер, 55 келі, сағат 18:00 — Махмұд Сабырхан (Қазақстан) vs Лю Чуань (Қытай)

Кешкі сессия:

Әйелдер, 51 келі, сағат 22:15 — Алуа Балқыбекова (Қазақстан) vs Ци Синью (Қытай)
Ерлер, 70 келі, сағат 22:45 — Торехан Сабырхан (Қазақстан) vs Одел Камара (Англия)
Әйелдер, 70 келі, сағат 23:15 — Наталья Богданова (Қазақстан) vs Шантель Рид (Англия)

Тікелей көрсетілім sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі